Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ВМХ трассасы ашылды

Табиғаты тамылжыған Талғар топырағында бірталай жылдан бері велоспорт мектебі қалыптасып, жас спортшылардың қанаттануына үлкен мүмкіндіктер жасалып келе жатқандығын зор мақтанышпен айтуға болады. Жуырда велоспроттың ВМХ түрінен жаңа трасса ашылып, салтанатты түрде тұсауын кесті.

Қазақстан Республикасының кубогына еліміздің облыстары мен қалаларынан арнайы келген жүзге жуық велошабандоз қатысып, өзара сынға түсті.

Салтанатты ашылу рәсімінде сөз бастаған аудан әкімі Рыскелді Ахметқалиұлы:

– Біздің өңірде айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, велоспортты өркендетуге көп көңіл бөлініп отыр. Талғар және Талдықорған қалаларында әйгілі жерлесіміз Андрей Кивилев атындағы велоспорттан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істеуде. Сонымен қатар, Қазақстанда ең алғашқы ВМХ велотрассасы Текелі қаласында 2016 жылы салынған. Соның нәтижесінде Жетісу өңірінің спортшылары қазіргі таңда ІІІ жазғы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысуда және байрақты бәсекелерде еліміздің намысын қорғауда, – деді.

Велосипед спортында ВМХ олимпиадалық спорт түрлеріне жатады. Сондықтан да, Кивилев сынды таланттар дүниеге келген Талғар топырағынан әлі талай спорт саңлақтарының аты шығарына сеніміміз мол. «Бұдан былай ВМХ-тің мына трассасында хас таланттардың қатары көбейіп, жаңа есімдермен толыға беруіне тілектестігімізді білдіреміз», – деді ҚР Велоспорт федерациясының вице-президенті Райымбек Анварұлы.

Осыдан кейін Қазақстан спортын әлемге әйгілеп, ел мерейін тасытатын Олимпиадалық ойындардың болашақ жеңімпаздары шыңдалып, жаттығатын велоспорттан ВМХ трассасының лентасы қиылды.

Сәйкес жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ

bairakkz

Маңғыстауда «Zerde+» әлеуметтік жобасы таныстырылды

bairakkz

РИМДЕГІ СЕНСАЦИЯ

bairakkz