Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ТОҒЖАННЫҢ ТАБЫСЫ

 Талғар қаласында өткен армрестлинг спорты түрінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Жұмабек Қабылбекұлы Нұрмановты еске алуға арналған Алматы облысының  ашық турнирінде Көксу ауданындағы Қадырғали Жалаири атындағы орта мектебің 9-сынып оқушысы Тоғжан Сейіткерім оң қолмен күресуде қола медальға ие болды. Оны қол күресінен халықаралық дәрежедегі  спорт шебері Азия құрылығының бірнеше мәрте чемпионы, әлемдік біріншіліктің жүлдегері Әбдуали Тастанов жаттықтырады. Қазақтың Көкбайрағын талай дүбірлі додаларда аспандатқан даңқты  спортшы өзінің  жақында ғана баптай бастаған шәкіртінің болашақта биік белестерді бағындыратынына нық сенімді.

— Тоғжан тума талант десек те болады. Оның осы спорт түріне бейім екенін мен аудандағы мектепаралық жарыстардың бірінде байқаған едім. Сосын аудан орталығы Балпық би ауылында қыздар арасында осы спорт ты дамыту мақсатында, үйірме ашып, қол күресінің қыры мен сырына үйретуге кіріскен кезімде Тоғжанды тауып алып, жаттықтыра бастадым. Бар-жоғы төрт рет қана жаттығуға қатысқаннан кейін аталмыш турнирге шақырту алғаннан соң, Тоғжанды топқа қосып, сынауға бел байладым. Осы қысқа мерзімдегі жаттығудың өзінде Тоғжан өзінің  қағілездігімен, табандылығымен бұл спорт түрінің алғашқы әліппесін жақсы меңгеріп үлгергендігін жарыс барысында айқын аңғартты. Ал, қаракүш пен қайсарлық Тоғжанның бойына туа біткен қасиеттер екенін де айта кеткен орынды. Өкішішке орай, бірінші айналымда өзі  басым түскен  салмағы өзінен 9 келі артық  жасы да біршама ересек талғарлық А. Әлімбековадан екіші қайтара ақтық жекпе жекке жолдама алу жолындағы жартылай финалдық тайталаста күтпеген жерден жеңіліске ұшырамағанда Тоғжан алтыннан да алқа тағынуы әбден мүмкін болатын. Тек бұл бәсекеде тәжірибесінің аздығынан ғана азулы қарсыласына жол беріп қойды. Алайда,  үшінші орын үшін болған кездесуде қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, қола медльға ие болды. Дегенмен, Тоғжанның жеңістері әлі алда екеніне мен күмәнданбаймын. Қазір біз қызу дайындыққа кірісіп кеттік. Биылғы жылғы жоспарымызға келсек: қаңтар айында Алғабас ауылында аудандық турнир өтпек, егер одан Тоғжан озып шықса, онда ақпан айындағы Талдықорған қаласында өтетін облыстық чемпионатта бағын сынамақ, сәтін салып, топжаратын болса, спорт шеберіне үміткер атағына да ие болатынын айта кеткен орынды. Осыдан кейін, сәтін салса  Бішкек қаласында жалауы желбірейтін халықаралық турнирге қатысуды, содан соң Варшавадағы байрақты бәсекеге барып, бағын сынасақ деп отырмыз. Бұл турнирлерде Тоғжанның топжарып шығуына барлық мүмкіндіктері бар екеніне сенемін, деп ойын түйіндеді Әбдуәли.

Сәйкес жаңалықтар

ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛ

bairakkz

Түркияның оңтүстігінде жер сілкінді

bairakkz

Самбодан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы 2-орын иеленді

bairakkz