Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

«Үйіме ұры түсті» деген тараздық тұрғынның өзі жазаланды

Фото: иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Таразда «үйіме ұры түсіп, тонап кетті» деген әйел жалған хабар бергені үшін жауапқа тартылды. 

Қарақшылардың құрбаны болдым деп шағымданған әйел полицияға жүгінген. Оның айтуынша, бетперде таққан ер адам әйелдің үйіне кіріп, қарумен қорқытып, қолын байлап, алтын мен ақшасын ұрлаған.

«Ауыр қылмыс туралы хабар дереу қарауға алынды. Полиция тергеу жұмыстарын бастады, жедел қызметтер тартылды, тергеу және іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Алайда кейін ешқандай шабуыл болмағаны белгілі болды», – деп мәлімдеді полиция.

Анықталғандай, әйел күйеуімен жанжалдаспас үшін тонау туралы оқиғаны ойдан шығарған. Ол бірнеше ай бұрын алтын әшекейлерін күйеуіне айтпай сатып жіберген.

Аталған жағдайда қасақана жалған қылмыс туралы хабарлау фактісі бойынша тергеу басталды. Полиция бұл әрекеттің қылмыстық жауапкершілік екенін ескертті.

 

Сәйкес жаңалықтар

Астанадағы мерекелік іс-шараларға 10 мың адам қатысты

bairakkz

Астанада Құрбан айтқа арналған құрбандық шалу орындары белгіленді

bairakkz

Қазақстанның Бас прокуроры орман өрттері туралы маңызды мәлімдеме жасады

Ришат