Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

Үржарда зардап шеккен балалардың жағдайы белгілі болды

Фото: ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір олардың бірінің жағдайы өте ауыр. Ал екеуінің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлайды bairak.kz. 

Абай облысының Үржар ауданында ЖКО-дан зардап шеккен балаларға бүгінгі таңда барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан тұратын мультидисциплиналық бригада диагностикалық зерттеп-қараулардың барлық кешенін жүргізіп, зардап шеккендердің жағдайын бағалап, жедел емдеу жоспарын жасады.

Стационарда зардап шеккен үш бала бар, олардың біреуінің жағдайы өте ауыр, қалған екеуі тұрақты ауыр деп бағалануда.

Пациенттер жағдайының ауырлығы алынған жарақаттарға байланысты.  Балаларда бассүйек-ми жарақаттары, тірек-қимыл аппараты мен ішкі ағзалардың жарақаттары диагнозы қойылған.

Балалардың жағдайы тұрақталғаннан кейін оларды Астанаға әуе бортымен тасымалдау мәселесі шешілетін болады.

Пациенттердің біріне дәрігерлер бригадасы қазір миға күрделі нейрохирургиялық операция жасауда, ішкі ағзалардан қан кету тоқтатылды.

Бұған дейін 19 тамызда Абай облысында көлік үйдің жанында ойнап жүрген балаларды басып кеткен еді. Жүргізуші рульге ие бола алмай, алты баланы қағып кеткен. Үш бала оқиға орнында көз жұмып, тағы үш бала жарақат алған.

Сәйкес жаңалықтар

Балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасалды

bairakkz

Астана-1 вокзалының жаңа бөлігі қазан айының соңына дейін жаңғыртылады

bairakkz

Президент ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

bairakkz