Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

Шерзат Болатты өлтірді деген 8 айыпталушының үкімі өзгермеді

instagram.com/karina.pravo

Алматы облыстық сотында Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандардың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады, деп хабарлайды bairak.kz.

Сот офлайн режимінде өтті. Процесті түсіруге тыйым салынған.

Тараптарды тыңдағаннан кейін апелляциялық алқа бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды.

Сот процесіне Досымбек Қалдырбек, Марина Мұсабекова және Ербол Құтпанбаевтардан құралған судьялар алқасы төрағалық етті.

«Сот үкімінде барлық дәлелдерге тиісті баға берілген, сотталғандардың іс-әрекеттері дұрыс сараланған, оларға заңды әрі әділ жаза тағайындалғандықтан бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар азаматтық талап-арызға қатысты сот дұрыс шешім қабылдады. Моральдық шығын әр істің салмағына қарай белгіленеді, сондықтан оның да белгіленген мөлшері заңды», –  деді Досымбек Қалдырбек.

Сондай-ақ, Дана Жақсыгелді, Эльмира Нұрбекова, Юлдаш Розбакиев пен Арлан Қазыкеновке қатысты бірінші сатыдағы соттың жеке қаулысы да сол қалпы қалды.

Еске салайық, 5 маусымда Талғарда кісі қолынан мерт болған жасөспірім Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесіне нүкте қойылды.

Сотта төрелік еткен судья Ержан Жанұзақовтың үкімімен:

Абзал Шынасыл 23 жылға, Равиль Сакиев 20 жылға, Шыңғыс Белғожаев 7 жылға, Дархан Әскентай 7 жылға,  Нұрқияс Ілиясов 9 жылға (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда), Нұрбол Тоқтаубаев 7 жылға,  Азамат Тоқтаубаев 15 жылға (бұрынғы жазасын бірге қосқанда), Дидар Қалиахмет 7 жылға сотталды.

Кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қылмыстық кодекстің  434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) 1,5 жылға сотталып, 27 шілдеде бостандыққа шықты.

Сәйкес жаңалықтар

Депутат Qazaqgaz жұмысының тиімділігіне күмән келтірді

bairakkz

UAE SWAT Challenge: Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске қол жеткізді

bairakkz

Жаттығудан келе жатырмыз.

bairakkz