Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Жұмыссыз ретінде тіркелу: жаңа жұмысқа жол ашатын мүмкіндік

Фото: freepik.com

Жұмыссыз ретінде ресми тіркелу жұмыс табуға нақты көмектесе ме? Бұл сауалға Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығының мамандары жауап берді.

Мамандардың айтуынша, көптеген азаматтар жұмыстан шыққан соң жұмыссыз мәртебе алмай, жаңа қызметті өз бетімен іздеуді жөн көреді. Алайда ресми тіркелу бірқатар мүмкіндіктерге жол ашады.

Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін азамат Еңбек мобильділігі орталығына жүгінуі немесе enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы өтініш беруі керек. Осы мәртебе арқылы қысқа мерзімді кәсіби оқуға жолдама алып, жаңа мамандық игеруге, сондай-ақ тұрақты немесе субсидияланатын жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар жұмысынан айырылған азаматтар әлеуметтік төлемдерге өтініш бере алады. Ол үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуы және жұмыссыз ретінде ресми тіркелуі қажет. Өтініш enbek.kz, egov.kz порталдары, мансап орталықтары немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы қабылданады.

Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығының дерегінше, жыл басынан бері 56 638 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Олардың 25 367-сі тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылған. Ал 2024 жылы 49 840 адам тіркеліп, 26 304 азамат жұмыс тапқан.

Қазіргі таңда қалада жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 19 737 адам тартылған. Олар жастар практикасы, әлеуметтік және қоғамдық жұмыстар, «Күміс жас», «Алтын жас» жобалары, кәсіби және онлайн оқыту, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бағдарламалары аясында жұмысқа немесе оқуға бағытталған.

Сәйкес жаңалықтар

ҒАСЫР ДОДАСЫ

bairakkz

ММА-дан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын сәтті бастады

Ришат

«ПСЖ» МЕН «РОМА» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

bairakkz