Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Ашхабад-2017: Ольга Рыпакова алғашқы алтынын еншіледі

Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы алтынын еншіледі.

Әйелдер арасында ұзындыққа секіруден жерлесіміз Ольга Рыпаковаға тең келер ешкім болмады. Үш қарғып секіруден Лондон Олимпадасының чемпионы ұзындыққа секіруді де ұмытып қалмағанын көрсетті. Өскемендік атлет Ашхабадта 6,43 метрге секірді. Екінші орын Вьетнамнан келген Тхи Тху Тхао Буйге бұйырды. Бұл спортшы бұған дейін 6,68 метрге секіріп, Азияның осы маусымдағы ең үздік нәтижесін тіркеген. Осы жолы вьетнамдық спортшы 6,36 метрмен шектелді. Үздік үштікті Азия чемпионатының күміс жүлдегері Нина Варакиль қорытындылады. Үндістан спортшысының көрсеткіші – 6,04.

Айта кетейік, Ольга Рыпакова негізінен халықаралық жарыстарда үш қарғып секіруден қатысады. Дегенмен арасында ұзындыққа секіру сайыстарында да бой көрсетіп тұрады. Мысалы, биыл Қазақстан кубогында 6,50 метрге секірген болатын. 2007 жылы ұзындыққа секіруден Азия чемпионатын жеңіп алғаны бар.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы

Сәйкес жаңалықтар

СЫРДАРИЯДАҒЫ САЙЫС

bairakkz

Астанада тағы да төрт бала тірідей жанып кетті

bairakkz

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ

bairakkz