Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

САЙЛАУШЫЛАР НАУРЫЗ КӨЖЕДЕН ДӘМ ТАТТЫ

Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келген еліміздің Парламенті мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында Текелі қаласындағы №446 сайлау учаскесінде мерекелік сән-салтанат, ерекше көңіл-күй есіп тұр.

Аталған сайлау учаскесіне келіп, дауыс беріп жатқан тұрғындар қатары қалың. Сайлау учаскесіне жақындағаннан-ақ ұлттық бояудағы әсем ән құлақ құрышын қандырады. Табалдырықтан аттай салысымен ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесіне көзің түседі. Оң қапталда дойбы, шахмат ойнауға үйір үлкен-кішіге арнайы ойын үстелдері қойылған.

Сайлаушылар өздері лайық деп тапқан партия мен кандидатына дауыс беріп шыққан соң, қасиетті жеті түрлі дәм қосылып пісірілген Наурыз көже мен ыстық бауырсақтан дәм татып, ақсақалдар «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, тыныш заман орнасын, елім үшін еңбек етемін деген азаматтарды Алла қолдасын» деп ақ баталарын беріп жатыр. Мейірім мен жылылыққа толы мейрам Наурыз кәдесіз өтпейді. Наурыз айшықтары өрнектелген қораптағы тәттілер өз иелерін табуда. Бұл жерде ұлттық ойынның да көрігі қызып, асық атудың шеберлері сайысқа түсті.

Сәйкес жаңалықтар

РИМДЕГІ СЕНСАЦИЯ

bairakkz

«ОЛИМПИАДА — 2020»: БІР ҒАНА МЕКТЕП БЕС ЖОЛДАМА ИЕЛЕНДІ

bairakkz

Қуаңшылық кезде Батысқа шөп жіберіп көмектескен Құрмет Талапқазы ел берген үйді сатып жіберген

bairakkz