Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Марқұм Шерзат Болаттың отбасына жаңа үй беріле ме?

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шерзат Болаттың отбасына жаңа үй беріле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды  bairak.kz.

Әрине, бұл отбасының үй мәселесі, көмек беру мәселесіне қатысты мәлімет бергенмін. Біздің аудан, ауыл әкімдіктері, кейін өзіміздің құрылымдар олармен (Шерзат Полаттың отбасымен) толық байланыста. Тиісті көмегін мемлекеттік емес ұйымдар, меценаттар арқылы көрсеттік. Қазір меценаттар мен демеушілеріміз үй салуға дайын. Егер иелері артынан мақұлдап жатса, жұмысқа кірісуге дайынбыз. Қазір біз оларға ұсындық. Қыс мезгілі кезінде үйдің тиісті құжаттарын дайындап алайық деген, — дейді Сұлтанғазиев.

Биыл 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмды. 12 қазанда марқұмның отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кетті. Полиция 5 бап бойынша қылмыстық істі тіркеді. 11 күдікті ұсталды.

Сәйкес жаңалықтар

Арман Оспанов желтоқсан айында жекпе-жекке шығады

Ришат

Бүгін де жүлде жоқ

bairakkz

198,5 мың адам МӘСҚ-тен жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды

bairakkz