Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Сахнадан саясатқа: Әнші Мөлдір Әуелбекова партия қатарына қосылды

Қуаныш Сейітжанов

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қатарына ресми түрде қабылданды.

Партия төрағасы Серік Егізбаев өнер иесіне партиялық билетті салтанатты жағдайда табыстады. Осылайша әнші аталған саяси ұйымның толыққанды мүшесіне айналды.

Айта кетейік, «Ауыл» партиясы 2000 жылдың 29 наурызында құрылған. Қазіргі таңда оның құрамында 300 мыңнан астам адам бар. Саяси ұйым негізінен аграрлық саланы дамытуға, қоғамды демократияландыруға бағытталған реформаларды қолдауға және ұлттық құндылықтарды нығайтуға басымдық береді.

Сәйкес жаңалықтар

«Димаш — әнші, ал Қайрат сияқтылар — орындаушы»: Бибігүл Төлегенова

bairakkz

135 шақырымдық ASSYL TULPAR бәйгесі өтеді

bairakkz

«Ирина Кайратовна, ұялсаңдаршы!»: Баян Алагөзова танымал топқа ескерту жасады

bairakkz