Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Шерзат Болаттың әкесі 7 жылға дейін сотталуы мүмкін — журналист

Журналист Руслан Өтепбай марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды  bairak.kz.

Қазір ғана келіп түскен ақпарат. Алматы облысы полиция департаментінің айтуынша, Шерзаттың әкесі Қаржаубай 10 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін немесе 3 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін, — деп жазды ол.

Бүгін 13 желтоқсанда Қаржаубай Нұрымовқа шыққан сот шешімі бойынша апелляциялық отырыс өтті.

Алматы облысының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы қаулыны өзгеріссіз қалдырды. Яғни, Қаржаубай адвокаттарының шағымын қанағаттандырмады. Бұл Қаржаубай Нұрымов қамауда 15 күн өткізетінін білдіреді. Қаржаубайдың адвокаттары ер адамның отбасылық жағдайларға байланысты қатты эмоционалды толқуды бастан өткергенін ескеруді сұраған. Алайда сот шешімі өзгеріссіз қалды.

Бұған дейін адвокат Асқар Қаймақов полиция Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық кодекстің 202-бабы (“бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша қылмыстық іс қозғағанын айтқан.

Сәйкес жаңалықтар

МӘССАҒАН, «КАМП НОУҒА» БІРДЕ-БІР КӨРЕРМЕН КЕЛМЕЙДІ

bairakkz

Конфедерацияға — 5 жыл

Ришат

ЖЕТІСУ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН КҮТІП АЛДЫ

bairakkz