Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Олимпиадада жүлде алған моңғол қызы Қазақстан азаматтығынан бас тартты

Дзюдодан халықаралық жарыстарда Қазақстан атынан бақ сынап, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған моңғол қызы Галбадрах Отгонцэцэг өз елінің азаматтығын алуға өтініш берді.

«Бірінші бол» хабарлағандай, желтоқсан айында ол Қазақстан азаматтығынан бас тартқан.

Галбадрах 2021 жылы мансабын аяқтап, еліне қайтқан. Тұрмысқа шығып, дүниеге сәби алып келген. Ал қазір Ұлан-Батырда жаттықтырушы қызметін атқарады. Қазір оның дзюдо клубында 100-ден аса жас спортшы тәлім алады.

Галбадрах Отгонцэцэг 48 килоға дейінгі салмақта белдесті. Өз елінде бірінші нөмірлі спортшы атана алмады. Моңғол құрамасында құрбысы Уранцэцэг Мунхбат үздік болды. Нәтижесінде Қазақстан азаматтығын алып, халықаралық жарыстарға қатысқан еді.

Моңғол дзюдошысы өз сұхбаттарында Қазақстан атынан жарыстарға қатысқанына өкінбейтінін айтады. Себебі Олимпиада ойындарына қатысып, жүлдегер атанды. Бала арманын орындады. Өзінің жаңа мүмкіндіктерін ашқанын жасырмайды.

Фото: ҰОК

Сәйкес жаңалықтар

Бишімбаев колониядан қашып кетті деген ақпарат жалған болып шықты

bairakkz

«АУЫР АТЛЕТИКА»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ АЛТЫНМЕН АПТАЛДЫ

bairakkz

Жұқаев алғаш рет АТР санатындағы турнирдің ширек финалына шықты

bairakkz