Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Өзбекстанмен шекарада мыңдаған тонна картоп шіріп кетті

Ауыл шаруашылығы министрлігі Өзбекстанмен шекарада шіріп кеткен мыңдаған тонна картопқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды bairak.kz.

Ведомство мәліметінше, жүк жөнелтушілер жалпы көлемі 2,7 мың тонна картоп партиясына фитосанитариялық сертификаттарды үшінші елдерге көліктің барлық түрімен әкетуге тыйым салғанға дейін алған. Алайда, «Сарыағаш» станциясында шекарадан өту кезінде жүк жөнелтушілерге бірқатар бұзушылық, оның ішінде картоп құнының айтарлықтай төмендеуіне байланысты сұрақтар туындады.

Құжаттарға сәйкес экспортқа сатылым, картоптың килограммына 40-50 тенгеден белгіленген. Осы себепті вагондар барлық жағдай анықталғанға дейін ұсталды.

Құжаттаманы тексергеннен кейін 42 вагон картоп Өзбекстан Республикасының аумағындағы межелі жерге жіберілді. Сондай-ақ, тексеру кезінде кәсіпкерлер тауардың бүліну қаупі төнген жағдайда картопты ішкі нарыққа бәсекелестік бағамен сатуға мүмкіндігі болды.

Айта кетейік, барлық 10 жүк жөнелтуші картоптың жай-күйіне қатысты мемлекеттік органдарға шағым түсірмеген, — делінген хабарламада.

АШМ мәліметінше, туындаған жағдайды реттеу үшін ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2025 жылғы 18 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен картопты әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынған.

Бұған дейін  КТК арнасы Түркістан облысының Өзбекстанмен шекарасында мыңдаған тонна картоп шіріп жатқанын хабарлаған еді. Себебі, Павлодардан Ташкентке жеткізілуге тиіс картопты ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдері тексереміз деп, Сарыағаш шекарасында тоқтатқан. Сөйтіп он күн бойы шенеуніктер құжат тексеріп жүргенде, 43 вагонға артылған картоп бұзыла бастапты.

Картоп тиеген вагондар Сарығаштың темір жолында тапжылмай он күн тұр. Павлодардан шыққан жүк пойызын фито-санитарлар 19 қаңтар күні тоқтатып, жүктің құжаты мен өнімді тексереміз деген. Бірақ сол күйі ешқайсысы төбе көрсетпеді деген кәсіпкерлер артылған картоптың күйін көру үшін вагонды ашып көрді.

Фото:smartnews.kz

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Хромтаудағы студенттермен кездесті

bairakkz

ЖЕҢІС АЛҒА ЖЕТЕЛЕДІ

bairakkz

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра

bairakkz