Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Тіршілікке оралар сәт таяп қалды — Руслан Берденов

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов ауруханада өткен үш апталық ем-домнан кейін сауығып, жағдайы жақсарып қалғанын айтты, деп хабарлайды bairak.kz.

Құрметті шымкенттіктер, қадірлі Қазақстан халқы! Менің басыма түскен ауыр жағдайдан көпшілігіңіз хабардарсыздар деп білемін. Бұл оқыс оқиға маған да, менің отбасым мен жақындарыма да ауыр тигені анық. Мұны сөзбен айтып жеткізу өте қиын.Алайда, сынаққа толы болған осы уақыт аралығында көптеген адамдардың, әріптестерімнің, тамыр-таныстарымның жанашырлығын, қолдауын, тілектестігін сезіндім. Телефоныма түскен қоңыраулар, хабарламалар, әлеуметтік желідегі тілеулес жазбалар көңіліме демеу болғанын, күш-қуат бергенін, сергіткенін айтқым келеді, — деді Берденов.

Ол 3 аптаға созылған ауруханадағы күндері аяқталып, өзім де аяқтан тұрып, күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалғанын жазды.

Әлбетте, бірінші Алланың, содан соң дәрігерлеріміздің жіті бақылауының, ем-домының арқасында денсаулығым оңалды, қалпына келді. Әсіресе аурухана ұжымына. Осы уақыт ішінде мен еліміздің медицинасы көп ілгерілегеніне, шетелдік клиникалардан еш кем еместігіне көз жеткіздім. Ақ халатты абзал жандарымыздың мейірімі мен кәсібилігі де ризашылығымызға әбден лайық.Баршаңыздың қолдауларыңыз бен жанашырлықтарыңызға шексіз алғысымды айтамын, — деп жазды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.

Фото: https://www.facebook.com/ruslan.berdenov

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Ұлттық банк төрағасына бірқатар тапсырма берді

bairakkz

Өзбекстанда түрмеде кітап оқыған сотталғандардың жаза мерзімі қысқартылады

bairakkz

Аяз, қалың қар, көктайғақ. Сенбі-жексенбі күндері ауа-райы қандай болмақ?

bairakkz