Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

«Астана LRT» экс-басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы Талғат Арданның ұсталғаны туралы хабарлады, деп жазады bairak.kz.

Комитет мәліметінше, құқық қорғау органдары оны Түркияда ұстаған.

2019 жылғы қыркүйекте ҚР Бас прокуратурасы Түркияның Әділет министрлігіне халықаралық іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген болатын. Осыған байланысты Түркия Республикасының құзырлы органдары тиісті іздестіру шараларын жүргізген. Биыл ҰҚК оның нақты болған жерін анықтады, содан кейін Түркияның құқық қорғау органдары Анталья қаласында ұстады, — делінген мәліметте.

Биылғы 9 мамырда Анталья қаласының соты Талғат Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және ол қазіргі уақытта қамауға алынған.

Қазақстанның құзыретті органдары аталған адамды Қазақстанға қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді бастады, — деп қосты комитет.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының соты Т.Арданды Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Фото: Видеодан алынған кадр

Сәйкес жаңалықтар

Головкин WBN версиясы бойынша рейтингте көш бастады

Ришат

Ақтауға қоқиқаздар ерте ұшып келді

bairakkz

Рекордтық 580 млрд теңге егіншілерді қолдауға бағытталды

bairakkz