Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Димаштың жаңа клипі шықты

Қазақстанның Халық әртісі, әлемге танылған Димаш Құдайбергеннің көптен күткен жаңа бейнебаяны жарияланды, деп хабарлайды bairak.kz 

Бүгін әртіс «Тау ішінде» әніне түсірілген музыкалық видеоның тұсауын кесіп, көрермен назарына ұсынды. Әннің авторы — әдебиетінің класссигі, жазушы және ақын Сәкен Сейфуллин. Түрлі деректе бұл ән 1919 жылы шығарылған деген болжамдар айтылады. Әнші ақын тау ішінде аттың үстінде келе жатып шығарған. Кейіннен ән халық арасында кеңінен таралып, түрлі әншілер орындауында айтылады.

Айта кету керек, Димаш клип тұсаукесеріне орай челлендж жариялаған. Трекке түсірілген ең қызықты және көп қаралған видео үлкен сыйлыққа ие болады.

Челлендж 25 мамырға дейін жалғасады. Жүлде – Димаштың өз қалауыңыз бойынша жеке концертіне жолдама (Барселона, Берлин, Лондон, Рига). Ұшу және жатын орын жүлдеге кіреді.

Қорытындысы 26 мамырда Алматыда өтетін концертте жарияланбақ.

Фото: видеодан скрин

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан Бокс Федерациясы Кубогының жартылай финалистері анықталды

Ришат

Мас күйде көлік айдап ұсталған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды

bairakkz

Абылайхан Жұбаназар Ташкентте жүлде алды

bairakkz