Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Әйелін 10 жыл бойы ұрып-соққан: экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты үкім күшінде қалды

Фото: facebook.com/saken.mamash

Астана қалалық Апелляциялық соты бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты апелляциялық шағымды қарады. Сот бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды bairak.kz.

Адвокат Данияр Әділов әлеуметтік желідегі парақшасында сот шешімінің жарияланған сәтін бейнежазба арқылы бөлісті. Онда соттың үкімі оқылғаны анық естіледі:
Астана қаласының ауданаралық қылмыстық сотының 2025 жылғы 18 шілдедегі Мамаш Сәкенге қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылсын, апелляциялық шағым қанағаттандырылмасын, – делінген сот қаулысында.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың мамыр айында БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған Сәкен Мамаштың жұбайы Карина Мамаш он жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық көргенін қоғамға жария еткен болатын. Бұл мәлімдеме үлкен резонанс тудырып, қоғамда тұрмыстық зорлық мәселесі бойынша кең талқыға себеп болды.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте жемқорлық толық азайды деп айта алмаймын — әкім

bairakkz

Береке мен бірліктің үлгісін көрсетті

bairakkz

ӘЧ-2018. ОН АЛТЫ ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ЖЕҢІС

bairakkz