Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақБасты ақпаратСпорт

Допинг дауына байланысты Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы болашағы қалай өрбиді

Фото: Жәнібек Әлімханұлының Instagram-дағы парақшасынан

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауына байланысты жағдайдың қалай шешілетіні жөнінде боксшының менеджері Берік Сұлтан пікір білдірді.

Оның айтуынша, түпкілікті шешім 8 қаңтарға жоспарланған В сынаманың нәтижесіне байланысты қабылданады.

Бұл жерде екі сценарий бар. Егер 8 қаңтарда ашылатын В сынама таза болып шықса, Жәнібек барлық чемпиондық атағын сақтап қалады және мансабын қалыпты түрде жалғастырады. Біз дәл осындай нәтиже болады деп үміттенеміз, өйткені шындық біздің жағымызда. Ал егер нәтиже керісінше болса, онда ол чемпиондық белбеулерінен айырылып, белгілі бір мерзімге бокстан шеттетілуі мүмкін. Мұндай жағдай орын алса да, біз берілмейміз. Алға қарай қадам баса береміз. Жәнібек әлі жас, оның мансабы аяқталған жоқ, — деді Берік Сұлтан.

Менеджердің айтуынша, қазіргі уақытта Жәнібек Әлімханұлы Қазақстанға оралып, отбасымен және жақындарымен бірге уақыт өткізіп жатыр.

Біз өзімізге сенімдіміз. Тазамыз, адалмыз. Бұл спорттың барлық қыр-сырын жақсы білеміз және ресми шешімді сабырмен күтіп отырмыз. Qazaq Style командасының, өз атымнан және Жәнібектің атынан барша қолдаған жандарға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Мансабымызға қауіп төнген қиын кезеңде халқымыз бізге сенім білдіріп, жан-жақты қолдау көрсетті. Бұл біздің рухымызды көтерді. Бұған дейін қаншама еңбек сіңірілді, қанша тер төгілді. Біз кезекті үлкен белесті бағындыруға өте жақын едік. Сол сәтте даулы жағдайға тап болдық. Дегенмен халықтың, спортшылардың қолдауы мен жылы пікірлері бұл сынақтан өтуге үлкен күш берді, — деді Берік Сұлтан.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасына байланысты 7 желтоқсанға жоспарланған кубалық Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жегі өтпей қалған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда Абай есімді 10 әйел бар

bairakkz

«Бекзат Саттархановтың өлімі сабақ болу керек еді». Амалбек Тшанов боксшыларға ренішін білдірді

bairakkz

Базар жастары киберспорттан бақ сынасты

Ришат