Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарОқиғалар

Балқашта көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып қалды (ВИДЕО)

Фото: Балқаш қаласының әкімдігі

Балқаш қаласында Қараменде би көшесі, 10 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бір кіреберісі опырылып түсті. Оқиға 19 ақпан күні таңғы сағат 08:10 шамасында болған.

Қала әкімдігінің мәліметінше, құлаған бөлік бұған дейін апатты деп танылып, бұзуға жатқызылған және қазіргі уақытта пайдаланылмайтын (тұрғын емес) кіреберіс болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

2025 жылы жүргізілген техникалық сараптама негізінде 5-кіреберіс апатты деп танылып, тұрғындары алдын ала көшірілген. Олардың бір бөлігі баспанамен қамтамасыз етілген.

Қазір ғимарат қоршауға алынып, электр, жылу және су жүйелері ажыратылған. Құрылыс қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, апатты кіреберісті демонтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жұмыстар кезінде үйдегі шамамен 120 отбасы толық эвакуацияланды. Қалған кіреберістерге қосымша техникалық тексеру жүргізіледі. Егер олар қауіпсіз деп танылса, тұрғындар пәтерлеріне қайта оралады. Кейін ғимарат конструкцияларын күшейту бойынша жобалық құжаттама әзірленеді.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от БАЛХАШ НОВОСТИ / ВИДЕО / ОБЪЯВЛЕНИЯ (@balhash.fm)

Сәйкес жаңалықтар

Алматы облысында 32 жыл бұрын ажырасқан әйелдің жалғыз үйі өз меншігіне өтті

bairakkz

«Таза Қазақстан» акциясына 160 мыңнан астам жетісулық қатысты

bairakkz

Арман Оспанов желтоқсан айында жекпе-жекке шығады

Ришат