Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін енді eGov арқылы ауыстыруға болады

stan.kz

2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан азаматтары жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстыра алады. Ең басты жаңалық – құжаттың мерзімі аяқталған болса да өтінім беруге мүмкіндік бар.

Қалай онлайн өтінім беру керек:

  1. «Электрондық үкімет» порталына немесе мобильді қосымшаға кіріп, мына жолды таңдау:
    «Азаматтарға» → «Көлік және коммуникациялар» → «Автомобиль көлігі».
  2. «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметін таңдау.
  3. Дайын құжатты алатын ХҚКО-ны (ЦОН) көрсету.
  4. Фотосурет пен қол үлгісін жүктеп, байланыс телефонын жазу.
  5. Мемлекеттік бажды төлеу (қазіргі мөлшері – 1,25 АЕК).

Қол қойылған өтінімнен кейін қызмет нәтижесі жеке кабинетте пайда болады. Куәлікті ХҚКО-дан жеке куәлікті көрсетіп алуға болады.

Маңызды ескерту: Кейбір жағдайларда пайдаланушы деректері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде жоқ болуы мүмкін. Мұндайда экранда хабарлама шығып, деректерді жаңарту үшін ХҚКО-ға жеке бару қажет.

 

Сәйкес жаңалықтар

Кенесары ханның өлімі үшін қазақтардан кешірім сұраған әнші қамалды

bairakkz

Таза Қазақстан: «Жасыл Ел» жастары 18 қап қоқыс жинап, табиғатты қорғауға үн қосты

bairakkz

Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты үкім шықты

bairakkz