Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарСаясат

Бас прокуратура Санжар Боқаевтың ұсталғанын мәлімдеді

Ашық дереккөз

Ведомствоның хабарлауынша, ол Алматы қаласында қылмыстық іс аясында жүргізілген тергеу әрекеттері барысында ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарына сәйкес ұсталған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Санжар Боқаев әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесу және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлау туралы бейнематериалдарды жариялаған деген күдікке ілінген.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол аталған әрекеттерді өзі ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен азаматтарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы заңсыз ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген делінеді.

Сонымен қатар, Санжар Боқаев аса ірі мөлшерде қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке де ілінуде.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Дрондар жол сапасын бақылауға кірісті

bairakkz

Ақтауда екі баланы көлік қағып кетті

bairakkz

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды

bairakkz