Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Ақтөбе тұрғыны алаяқтардың қоңырауынан соң пәтерін сатып, 12 млн теңгеден астам ақшасын аударған

Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде 25 жастағы тұрғын алаяқтардың телефон қоңырауынан кейін пәтерін сатып, оларға 12 миллион теңгеден астам қаражат аударған.

Өңірлік Полиция департаментінің мәліметінше, 25 жастағы ақтөбелікке өзін «Қазпошта» қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам хабарласып, атына келген сәлемдеме бар екенін айтқан. Ол оны алу үшін 1414 нөмірінен келген SMS-кодты беруді сұраған.

Біраз уақыттан кейін SMS-кодты алғаннан кейін, өзін банк қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырған тағы бір алаяқ хабарласып, жәбірленушінің атына несие рәсімдеуге әрекет жасалып жатқанын айтып, ақшаны «қауіпсіз шотқа» аудару керегін жеткізген.

Алаяқтардың нұсқауларын орындаған тұрғын банктер арқылы несие рәсімдеп, пәтерін сатып, 12 миллион теңгеден астам ақшаны аударған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасованың жаңа образы көпшілікті тамсандырды

bairakkz

Азиада ойындарындағы қазақ күресінің салтанаты

Ришат

Жұманғарин: Жаңа жыл қарсаңында баға тұрақты болады

bairakkz