Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Премьер-министр экономикалық өсім баяулаған өңірлерді атады

ҚР үкіметінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында бірқатар өңірлердегі инвестициялық және экономикалық көрсеткіштердің динамикасына тоқталды.

Оның айтуынша, кей өңірлерде даму қарқыны баяулап, негізгі көрсеткіштер төмендеген.

Ақмола облысында үш көрсеткіш, Атырау облысында төрт көрсеткіш төмендеген, – деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр әсіресе Атырау облысында инвестиция көлемі үш жыл қатарынан азайып келе жатқанын атап өтіп, бұл жағдайға жол беруге болмайтынын ескертті.

Сонымен қатар Олжас Бектенов кейбір өңірлерде кірістер мен инвестиция көлемі өсіп отырғанын да атап, оң динамика көрсеткен аймақтардың тәжірибесін басқа өңірлерге енгізу қажеттігін айтты.

Үкімет басшысы барлық өңір әкімдіктеріне экономикалық көрсеткіштерді тұрақтандыру және инвестициялық белсенділікті арттыру бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Сәйкес жаңалықтар

Ата-аналар «Келешек» жүйесі арқылы балаларының оқуына ақша жинай алады

bairakkz

Астанадағы LRT станцияларының негізгі құрылысы аяқталды

bairakkz

АЛАКӨЛДІҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ ӨЗ ТАҢДАЫН ЖАСАДЫ

bairakkz