Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарОқиғалар

Кәрім Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты тың дерек жарияланды

Фото: qamqor.gov.kz

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) «ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті Азамат Қапеновке қатысты тергеу барысы туралы ақпарат таратты.

Ведомство мәліметінше, Қапеновке 2024 жылдың тамыз айында іздеу жарияланған. Тергеу деректеріне сәйкес, ол қызметтік өкілеттігін пайдаланып, жүк вагондарын пайдалану қызметтерін көрсету барысында аффилиирленген компанияларға заңсыз артықшылық берген.

Салдарынан «ҚазТемірТранс» АҚ-на 5,2 миллиард теңгеден астам залал келтірілгені айтылды.

ҚМА хабарлауынша, күдікті қазіргі уақытта халықаралық іздеуде. Сот бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуға сырттай санкция берген.

Сонымен қатар келтірілген залалды өтеу және заңсыз алынған активтерді қайтару мақсатында Достық станциясындағы терминалды сотқа дейін тәркілеу туралы өтініш беріліп, мүлік мемлекет кірісіне өткізілген.

Ведомство тергеуге қатысты кейбір мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекс талаптарына сәйкес жария етілмейтінін де атап өтті.

Азамат Қапенов 1978 жылы дүниеге келген, Ресей азаматы. Ол БАҚ-та Кәрім Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласы ретінде аталады.

Сәйкес жаңалықтар

«БЕСАРЫСТЫҢ» БЕЛЕСІ

bairakkz

Михаил Шайдоровтың өнеріне Джеки Чан риза болды

bairakkz

Тәуелсіздік күніне орай қандай мәдени іс-шаралар өтеді

bairakkz