Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Көйлектерімді өртеп жіберемін – Мәдина Сәдуақасова

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова сахналық киімдеріне қатысты ерекше әдеті бар екенін айтты.

Өнер иесі журналист Динара Жанықұлға берген сұхбатында концерттік көйлектерін ұзақ сақтамайтынын, тіпті кейбірін өртеп жіберетінін ашық айтты. Оның сөзінше, бұл – өзінше қалыптасқан дәстүр әрі жаңа кезеңге қадам басудың белгісі.

«Көйлектерім өте көп. Бір айдай ғана киемін, одан кейін сақтамаймын — отқа жағамын. Бұл мен үшін бір ритуал сияқты. Ата-анамның үйіне барып, бәрін аулаға шығарып, өртейміз», – деді әнші.

Сондай-ақ, ол дизайнерлік қымбат көйлектерін жоймай, арнайы бутиктерге өткізетінін атап өтті. Бұрын бұл киімдерді сіңлісі жалға беріп жүрген, алайда қазір ол шетелге көшіп кеткен.

Әншінің айтуынша, киімнің де «өз ғұмыры» бар, сондықтан тозығы жеткен дүниелермен қоштасу – шығармашылық тұрғыдан жаңарудың бір жолы.

Дегенмен, өнер иесінің гардеробында ерекше сақталатын бір көйлек бар. Ол – 1999 жылы Роза Рымбаева сыйлаған киім.

«Бұл – менің тұмарым. Қайда көшсем де, өзіммен бірге алып жүремін», – деді Сәдуақасова.

Желі қолданушылары әншінің бұл әдетіне әртүрлі пікір білдірді: бірі таңданысын жасырмаса, енді бірі оны ысырапшылдық деп бағалаған.

«Қып-қызыл өтірік», «Өтірік судай сапырып отыр», «Не сұрақ мынау? Не жауап?», «Өтірігін ұйқастыра алмай отыр», «Сөйлеу мәнері төмен екен», «Мақтаншақтық, ысырапшылдық», — деп жазды оқырмандар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от BILGEN DURYS (@bilgendurys.kz)

Сәйкес жаңалықтар

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

bairakkz

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

bairakkz

ШҚО-да су тасқыны бойынша әуеден визуалды барлау жүргізілді

bairakkz