Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

«Лыпылдамаңыздар»: танымал журналист әнші, блогерлерге үндеу жасады

әлеуметтік желіден

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында соңғы уақытта өнер мен медиа саласындағы кейбір тұлғалардың партия атынан депутат болуға ұмтылуын сынға алды.

Парламент тарайды, жаңа құрылтай құрылады деген әңгімені жиі естиміз. Бірақ бір өтінішім бар: әнші, журналист, блогер, КВН-ші болып жүріп, “лыпылдап” партия атынан халық қалаулысы болуға ұмтылмаңыздар, – деді ол.

Журналистің айтуынша, парламент – шоу алаңы емес, ел тағдыры шешілетін маңызды саяси институт.

Бұл әдемі сөйлейтін студия немесе сахна емес. Бұл – елдің болашағы айқындалатын орын, – деп жазды Жылқышыбай.

Оның бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында кең талқыланып, бір бөлігі қолдау білдірген.

Сәйкес жаңалықтар

Сәкен Мамаш 6 жылға сотталды

bairakkz

Ақтау маңында аққулар жаппай қырылды: Каспийдегі экологиялық дабыл

bairakkz

«ЖЫЛДА ДАУЫСТЫ ҮЙДЕН БЕРЕТІНМІН»: КӨЗІ КӨРМЕСЕ ДЕ САЙЛАУҒА КЕЛДІ

bairakkz