Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарСпорт

Танымал боксшы Жанқош Тұраров қуанышты жаңалығын айтты

Фото: instagram.com/zhankoshturarov/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа туған қызының фотосуреттерін жариялады.

Боксшының айтуынша, сәби дүниеге келген сәтте ол жанында болып, кейін бірден АҚШ-қа аттанған. Біраз уақыттан соң ғана қызын қайта көруге мүмкіндік туған.

Нәрестенің иісін жұмақтың жұпар иісіне теңейді ғой – расында солай екен. Иісіне тоймайсың. Алла қаласа, қырқынан шығатын күн де алыс емес. Қыздарым – менің ең үлкен бақытым, – деп жазды ол.

Жанқош Тұраров өз жазбасында перзент сүюді армандап жүрген отбасыларға ізгі тілегін де жеткізді.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров – бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін тәжірибелі кәсіпқой боксшы. Ол кәсіби мансабында 29 жекпе-жек өткізіп, соның барлығында жеңіске жеткен.

 

Сәйкес жаңалықтар

ҚАРИЯЛАР ШАҢҒЫ ТЕУІП ЖАРЫСТЫ

bairakkz

Тоқаев Сербияға ресми сапармен барды

bairakkz

Ширек финалға жолдама алды

bairakkz