Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

«2 км/сағ үшін айыппұл» – фейк: ІІМ жүргізушілерге ескерту жасады

Фото: istockphoto.com

Әлеуметтік желілерде «жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салынады» деген ақпарат тарады. Алайда Ішкі істер министрлігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Ведомствоның түсіндіруінше, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібі өзгерген жоқ. Бұрынғыдай, әкімшілік жаза тек белгіленген жылдамдықты сағатына 10 шақырымға және одан жоғары асырған жағдайда ғана қолданылады.

ІІМ өкілдерінің айтуынша, 8 мамырдан бастап күшіне енетін бірлескен бұйрық тек жолдағы камералардың жұмыс істеу қағидаларын нақтылауға бағытталған. Атап айтқанда, құжат өлшеу дәлдігін және рұқсат етілетін қателік шегін айқындайды. Бұл өзгерістер жүргізушілерге қатысты жаңа талаптар енгізбейді және айыппұл салу тәртібіне әсер етпейді.

Осылайша, «2 км/сағ үшін айыппұл салынады» деген ақпарат жалған болып шықты.

Министрлік мәліметінше, бұл ақпаратты таратқан адам анықталған. Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ІІМ азаматтарды тек ресми дереккөздерге сүйенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

bairakkz

UFC жұлдыздарына құрмет: Бекзат Алмаханға – үй, Азат Мақсұмға – мотоцикл сыйға берілді

bairakkz

Әлемдік деңгейдегі қазақ бапкерлері

Ришат