Түркияның Анталья қаласында 27 жастағы қазақстандық жол апатынан қаза тапты. Велосипедпен келе жатқан азаматты түнгі уақытта такси қағып кеткен.
Nefes басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға түнгі уақытта болған. Такси жүргізушісі велосипедпен келе жатқан Қазақстан азаматы Құбат Аманбековті қағып кеткен. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер жас жігіттің оқиға орнында көз жұмғанын ғана тіркеген. Белгілі болғандай, Құбат Аманбеков Антальядағы бес жұлдызды қонақ үйлердің бірінде бармен болып жұмыс істеген. Жол апатынан кейін такси жүргізушісін полиция ұстады.
Марқұмның денесі Серік мемлекеттік ауруханасының мәйітханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта түркиялық құқық қорғау органдары жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.
БАҚ мәліметінше, марқұм Антальядағы бес жұлдызды қонақүйлердің бірінде даяшы болып жұмыс істеген.
Қазіргі уақытта такси жүргізушісі полиция бөліміне жеткізіліп, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Анталья мәйітханасына жіберілген.
