Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Астанадағы LRT атауы өзгерді: комиссия шешімі жарияланды

Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласында жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесіне жаңа атау берілді. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Досжан Исабектің мәлімдеуінше, ономастикалық комиссия жобаны «Тарлан Астана» деп атауды бірауыздан қолдаған.

Бұл бастамаға дейін тұрғындар, қоғамдық ұйымдар және Қазақстан Жазушылар одағының жергілікті өкілдігі тарапынан ұсыныстар айтылған. Олар «LRT» аббревиатурасының мазмұндық мәні әлсіз екенін алға тартып, ұлттық сипаттағы атау беру қажеттігін көтерген. Ұсыныстар қатарында «Сұңқар», «Лашын», «Құлан» және «Аспан» сияқты нұсқалар болғанымен, комиссия мүшелері жылдамдық пен сенімділікті бейнелейтін «Тарлан» атауын таңдады.

Жаңа атау елордалық көлік жүйесін тек инфрақұрылымдық нысан ғана емес, қаланың заманауи бренді ретінде танытуға бағытталған. Сарапшылар оны халықаралық деңгейдегі Afrosiyob немесе Skytrain секілді танымал жүйелермен салыстырады.

Еске сала кетейік, Астанадағы LRT қозғалысы биыл 16 мамырда ресми түрде іске қосылған. Қазіргі таңда жүйе күніне орта есеппен 65-75 мың жолаушыны тасымалдап, қаланың негізгі көлік артерияларының біріне айналып отыр.

 

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстандық жасөспірімдер Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль алды

bairakkz

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ — МИХАЛ БИЛЕК

bairakkz

«Директор бір орында ұзақ отырмауы тиіс»: министр мектеп басшыларын ротациялауды ұсынды

bairakkz