Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Қазақстанда мобильді операторды ауыстыру тәртібі өзгереді

Фото: ЖИ көмегімен жасалды

24 қарашадан бастап Қазақстанда телефон нөмірін сақтай отырып, басқа мобильді операторға ауысудың жаңа ережелері күшіне енеді.

Енді абоненттердің өтінімін тексеру уақыты 35 минуттан 10 минутқа дейін қысқарады.

Жаңа тәртіпке сәйкес, жеке тұлғалар үшін нөмірді басқа операторға көшірудің жалпы мерзімі 45 минут, ал заңды тұлғалар үшін төрт жұмыс сағаты болып қалады.

Сонымен қатар жаңадан іске қосылған SIM-карта нөмірін басқа операторға ауыстыру үшін кемінде 14 күн күту қажет. Ал бұрыннан қолданыстағы нөмірлерге қатысты 60 күндік шектеу сақталады. Яғни абонент операторды 60 күнде бір рет қана ауыстыра алады.

Нөмірді басқа операторға көшіру қызметі тегін көрсетіледі. Абоненттер ауысу күнін 30 күнге дейін кейінге қалдыра алады.

Операторды ауыстыру кезінде абоненттің жеке деректері тексеріледі. Егер нөмір басқа адамның атына тіркелсе, мәліметтер сәйкес келмесе немесе берешек болса, өтінім қабылданбауы мүмкін.

Жаңа ережелер SIM-карталармен қатар eSIM нөмірлеріне де қолданылады.

Сәйкес жаңалықтар

«Өзіміздікі» деп ешкім құтылмайды: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты қатаң мәлімдеме жасады

bairakkz

Танымал боксшы Жанқош Тұраров қуанышты жаңалығын айтты

bairakkz

«Жағдайы ауыр». Мұхтар Шахановтың келіні үндеу жасады

bairakkz