Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарСаясат

Ақордадағы кадрлық өзгерістер: Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық қызметте бірқатар кадрлық өзгеріс жасап, бірнеше елдегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшілерін тағайындады.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Анель Бақытбекқызы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Сәйкес жаңалықтар

Жамбылдық әйел туыстарының атына 22 млн теңге несие алған

bairakkz

Щучьедегі дәмханадағы жарылыс: қылмыстық іс қозғалды

bairakkz

Қазақстандықтар 15,8 млрд теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған

bairakkz