Францияның Монако қаласында УЕФА Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті. Соның нәтижесінде алматылық «Қайрат» клубының қарсыластары анықталды.
Қайраттықтар Еуропаның атақты клубтарымен бір топқа түсті:
-
«Реал Мадрид» (Испания)
-
«Интер» (Италия)
-
«Арсенал» (Англия)
-
«Брюгге» (Бельгия)
-
«Спортинг» (Португалия)
-
«Олимпиакос» (Грекия)
-
«Пафос» (Кипр)
-
«Копенгаген» (Дания)
Турнир кестесі
Жалпы есепте 36 команда сынға түседі. «Қайрат» барлығы 8 матч өткізеді (төртеуі өз алаңында, төртеуі сырт алаңда).
-
1-тур: 16–18 қыркүйек 2025 ж.
-
2-тур: 30 қыркүйек – 1 қазан 2025 ж.
-
3-тур: 21–22 қазан 2025 ж.
-
4-тур: 4–5 қараша 2025 ж.
-
5-тур: 25–26 қараша 2025 ж.
-
6-тур: 9–10 желтоқсан 2025 ж.
-
7-тур: 20–21 қаңтар 2026 ж.
-
8-тур: 28 қаңтар 2026 ж.
Плей-офф кезеңі:
-
Қосымша матчтар – 17–18 және 24–25 ақпан 2026 ж.
-
1/8 финал – 10–11 және 17–18 наурыз 2026 ж.
-
Ширек финал – 7–8 және 14–15 сәуір 2026 ж.
-
Жартылай финал – 28–29 сәуір және 5–6 мамыр 2026 ж.
-
Финал: 30 мамыр 2026 ж., Будапешт.
«Қайраттың» тарихи жолы
Алматылық клуб Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жету үшін іріктеу кезеңін сәтті өткізді:
-
Словенияның «Олимпиясын» – 3:1,
-
Финляндияның КуПС-ын – 3:2,
-
Словакияның «Слованын» – (1:0, 0:1, пенальти 4:3),
-
Плей-оффта Шотландияның «Селтигін» (0:0, 0:0, пенальти 3:2) жарыстан шеттетті.
Қазақстан футболы үшін маңызы
«Қайрат» — Чемпиондар лигасының жаңартылған форматында бақ сынайтын Қазақстан тарихындағы алғашқы команда. Бұған дейін елордалық «Астана» 2015/16 жылғы маусымда топтық кезеңде ойнаған еді.
