Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

Белгілі айтыскер ақын жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты

Фото: Марғұлан Оспановтың жеке архивінен

Астана–Қостанай тасжолында болған қайғылы жол-көлік оқиғасынан белгілі айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі, тарих ғылымдарының магистрі Салтанат Өтелбаева мен оның жұбайы Мырзабек Қасымов көз жұмды.

Қайғылы жағдай Атбасар мен Есіл қалаларының аралығында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ерлі-зайыптылар қызы Алтынайдың мектеп бітіру кешіне қатысу үшін Астанадан таңғы сағат 04:00 шамасында жолға шыққан. Бүгін олардың қызы мектепті үздік тәмамдап, қызыл аттестат алуы тиіс болған.

Суыт хабарды айтыскер ақын әрі әріптесі Марғұлан Оспанов әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді. Оның айтуынша, марқұмдардың жалғыз ұлы Нұрсұлтан ата-анасынан айырылғанын хабарлаған.

«Салтанат Амантайқызы ашық көңілді, мейірімді әрі парасатты жан еді. Оның адал еңбегі, туған елге деген сүйіспеншілігі мен азаматтық ұстанымы кейінгі буынға өнеге болып қала береді», – деп жазды Марғұлан Оспанов.

Салтанат Өтелбаева ұзақ жылдар бойы мәдениет және музей саласында еңбек етіп, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға зор үлес қосты. Ол Ыбырай Алтынсарин музейі басшысының орынбасары қызметін атқарып, көптеген ғылыми-зерттеу жобалары мен көрмелердің жүзеге асуына мұрындық болды.

Әріптестері мен замандастары Салтанат Өтелбаеваны кәсібилігі жоғары, жауапкершілігі мол әрі адамгершілігімен ерекшеленген тұлға ретінде еске алады.

Марқұмдардың отбасы, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.

Сәйкес жаңалықтар

Жетісу облысында оңалту орталығы ашылды

bairakkz

Астананың бұрынғы мәдениет басшысы Болат Мажағұлов сотталды

bairakkz

Астанада 2018 жылғы Олимпиада ойындарына 100 күн қалуын атап өтті(фото)

Ришат