Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Болашақтың іргесін қалауға бірден бір үлес қосатын кезең

Бүгін Қазақстан Республикасы бойынша 45 аудан-қала әкімдерін сайлайын деп жатырмыз. Жалпы еліміз бойынша 1497 сайлау учаскесі ашылды. 164 кандидат. Бұл қадамды Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қолдап отыр. Президенттің бастамасын қолдау – біз үшін жақсы әсер етуде. Себебі, елде болып жатқан реформалардың бір бөлшегіне алғашқы қатысушы болғалы отырмыз. Біздің барып сайлауға дауыс беруіміз қандай аудан әкімі келетінін және болашақта өзіміздің өміріміздің жақсаруына тікелей әсер ететінін айтқым келеді. Сайлау – жай ғана қарап отыратын мезет емес. Болашақтың іргесін қалауға бірден бір үлес қосатын кезең. «Әркімнің дауысы маңызды». Әр берген дауыс еліміздің ертеңін айқындауға көмектеседі. Сондықтан бей-жай қарамай, аудан әкімін өзіміз таңдау үшін келіп дауысымды бердім. Сонда сұрау да болады, жауапкершілік те өзімізде болады.

Сәйкес жаңалықтар

ТИМУР КАМАШЕВ ҚФФ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Ришат

ДЕНИСТІ ӨЛТІРГЕНДЕР ЖАЗАЛАНДЫ

bairakkz

Көпбалалы отбасы үшем ұлдарымен бірге келіп дауыс берді

bairakkz

Пікір жазу