Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Спорт

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Эр-Риядта(Сауд Арабиясы) болып жатқан WTA қорытынды турнирінде үшінші матчын өткізді.

Ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға (Беларусь) қарсы ойнап, үш сетке созылған кездесуде 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл матч турнирдің топтық кезеңі аясында өтті. Бұған дейін Рыбакина алғашқы екі ойында италиялық Жасмин Паолиниге және қытайлық Чжан Цинвэнге есе жіберді. Ал, Соболенкоға қарсы кездесудің алдында Елена жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылып қалған еді, сондықтан бұл ойын оның турнирлік жағдайына әсер етпейді.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан Бокс Федерациясы Кубогының жартылай финалистері анықталды

Ришат

World Boxing 2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионатын өткізеді

bairakkz

Головкин жас боксшыларға уәде берді

bairakkz