Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Елімізде 9 мыңнан астам адам семіздікке шалдыққан: олардың үштен бірі – балалар

egemen.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Нұрсұлтан Байтілесов Үкіметтен зиянды әрі ультраөңделген азық-түліктердің (UPFs) айналымын шектеуді және осы салада нақты реттеу шараларын қабылдауды талап етті, деп хабарлайды bairak.kz.

Оның айтуынша, әлемде де, Қазақстанда да балалар арасында зиянды тағамды тұтыну артып келеді. Бұл құбылыс жеке таңдаудан шығып, қоғамдық денсаулық үшін әлеуметтік проблемаға айналған.

Ресми деректер:

2024 жылы алғаш рет «семіздік» диагнозы 9 122 адамға қойылды;

Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 3%-ға көп;

Олардың 27%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының дерегінше, Қазақстандағы әр бесінші бала артық салмаққа ие. Қала тұрғындары арасында бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары.

Негізгі себептер – дұрыс тамақтанбау және физикалық белсенділіктің аздығы. Балаларға арналған мектеп буфеттерінде, дүкендерде, автоматтарда және онлайн жеткізу қызметінде қант, тұз, трансмай мен қоспасы көп өнімдер еркін сатылады. Ал олардың жарнамасы әлеуметтік желілерде балаларды нысанаға алып отыр.

Шетелдік тәжірибе:

Чили – зиянды өнімдерді балаларға жарнамалауға тыйым салып, арнайы белгі енгізген;

Ұлыбритания – «қант салығын» енгізіп, тәтті сусын тұтынуды 30%-ға қысқартқан;

Оңтүстік Корея – мектеп маңында зиянды тағам сатуға тыйым салған.

Депутат Үкіметке мына ұсыныстарды жеткізді:

Балалар мен ата-аналарға түсінікті «зиянды өнім» таңбасын енгізу;

UPFs өнімдерін мектептерде сатуға шектеу қою;

Салауатты өнім өндірушілерге салықтық жеңілдік беру;

Зиянды тағам жарнамасына тыйым салу.

Байтілесовтың айтуынша, бұл шаралар балалардың денсаулығын қорғап, салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Сәйкес жаңалықтар

Ең арзан жұмыртқа қай өңірде сатылады?

bairakkz

Кассациялық сот Шерзат Полат ісі бойынша соңғы шешім шығарды

bairakkz

Михаил Шайдоров әлем чемпионатында үшінші орында тұр

bairakkz