Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Интернеттегі жалған ақпаратпен күресу – әрадамның жауапкершілігі

Қазіргі заманда интернетсіз өмірді елестету қиын. Күн сайын жаңалық оқимыз, әлеуметтік желіқараймыз, түрлі видеолар көреміз. Қажеттіақпараттың бәрі қолымыздың астында. Бірақинтернеттің пайдасымен бірге зияны да бар. Соныңбіріжалған ақпараттың көп таралуы. Кейдеадамдар оқыған немесе көрген мәліметінің рас-өтірігін тексермей, бірден бөлісіп жатады. Соныңсалдарынан қоғамда түсініспеушілік туып, адамдаржалған ақпаратқа сеніп қалады.

Қазақ халқы «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» дейді. Ерте ме, кеш пе, жалған ақпараттыңшындығы ашылады. Бірақ оған дейін ол мыңдағанадамға тарап үлгереді. Әсіресе әлеуметтік желідемұндай ақпарат өте тез таралады. Біреу жазғанхабарламаны екіншісі ойланбастан бөліседі, үшіншісі оған өз пікірін қосады. Сөйтіп, ақиқатқақатысы жоқ мәлімет көпшіліктің санасына сіңіпкетеді.

Соңғы жылдары мұндай жағдайларды жиі көріпжүрміз. Кейде белгілі бір оқиға туралы толықақпарат шықпай тұрып-ақ түрлі қауесет тарайды. Бірде жалған байқаулар жарияланады, енді бірдетанымал адамдар туралы шындыққа жанаспайтынхабарламалар таралады. Мұның бәрі адамдардыңуақытын алып қана қоймай, кейде олардыңалаңдауына немесе дұрыс емес шешімқабылдауына себеп болады.

Менің ойымша, жалған ақпаратпен күрес тек журналистердің немесе мемлекеттік органдардыңміндеті емес. Бұл – интернет қолданатын әрадамның жауапкершілігі. Егер кез келген адам ақпаратты бөліспес бұрын оның қайдан шыққанынаназар аударып, ресми дереккөзден тексеріп отырса, жалған мәліметтің таралуы әлдеқайда азаяр еді.

Бүгінде ақпаратты тексерудің жолдары да көп. Ресми мемлекеттік органдардың сайттары бар, беделді ақпарат агенттіктері жұмыс істейді. Егер жаңалық тек бір ғана күмәнді парақшадажарияланып, басқа еш жерде кездеспесе, оғанбірден сене салмаған жөн. Асығыстық көбінеқателікке алып келеді.

Мен болашақта журналист болуды армандаймын. Журналистің ең басты міндетіқоғамға нақты әрішынайы ақпарат жеткізу деп есептеймін. Бір ғанажалған жаңалық көптеген адамға зиянын тигізуімүмкін. Сондықтан журналист өз материалының әрдерегін тексеріп, үлкен жауапкершілікпен жұмысістеуі керек. Мен де болашақта осы қағиданы берікұстанғым келеді.

Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген. Бұл сөз бүгін де өз маңызынжоғалтқан жоқ. Халық дұрыс ақпарат алса ғанадұрыс шешім қабылдай алады. Ал жалған ақпараткөбейген жерде сенім де азаяды.

Қорыта айтқанда, интернеттегі жалған ақпаратпенкүрес әрқайсымыздан басталады. Көргеніміздіңбәріне сене бермей, оны тексеруді әдеткеайналдыруымыз керек. Сонда ғана ақпараттықмәдениеті жоғары, жауапкершілігі мол қоғамқалыптастыра аламыз.

Авторы: Альбина Ұлықпан

Сәйкес жаңалықтар

Мадина Нұршаева бокстан Азия чемпионы атанды

Ришат

Жарқ етіп, мәңгі сөнген жұлдыз

bairakkz

Жетісу облысында үш бірдей әлеуметтік маңызды нысан іске қосылды

bairakkz