Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Қытайдағы Гран-при кезеңіне қатысады

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Михаил Шайдоров Қытайдың Чунцин қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысады, – деп хабарлайды ҚР ҰОК.

Гран-при 22 қарашада басталады. Ерлер арасындағы жарыста осы күні қысқа бағдарлама бойынша сайыс өтеді.

Еркін бағдарлама бойынша сайыс 23 қарашада ұйымдастырылады. Ерлер арасында медаль үшін 12 спортшы бақ сынайды.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров бұған дейін Францияда өткен Гран-при кезеңінде төртінші нәтиже көрсеткен еді.

Фото: olympic.kz

Сәйкес жаңалықтар

Ризабек Айтмұхан Алматыда Олимпиада чемпионына жол берді

bairakkz

Ұлытау облысында 15 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды

bairakkz

Ауғанстанда жауған қар мен аяз салдарынан 3 адам қаза тапты

bairakkz