Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

Майқайың кентінде үйден екі адамның мәйіті табылды

Фото: vse42.ru

Павлодар облысы Баянауыл ауданына қарасты Майқайың кентіндегі тұрғын үйлердің бірінен екі адамның мүрдесі табылды. Оқиға елді мекеннің «Площадка» шағынауданы аумағында орналасқан жер үйде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайтыс болғандар – әкесі мен қызы. Белгілі болғандай, марқұмдардың мәйіті үйде ұзақ уақыт жатқан.

Сондай-ақ, осы уақытқа дейін үйде қайтыс болған ер адамның зайыбы және марқұм әйелдің кішкентай баласы тұрғаны анықталды. Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы белгісіз, қосымша ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

– Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Сәйкес жаңалықтар

Саяси мәдениетті көтеру күн тәртібіндегі мәселе

Ришат

«ҚАҢТАР»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТ ЖЕТІСТІКТЕРІ

bairakkz

Жетісу облысындағы жастар арасында нашақорлыққа қарсы іс-шаралар кешені ұйымдастырылуда

bairakkz