Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

«Саған қарыздармын»: Нұрғали Нүсіпжанов көпшілік біле бермейтін сырды ақтарды

Коллаж: Ozgeris.info

Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, ғалым әрі қоғам қайраткері Серікбай Нұрғисаев туралы жылы лебізін білдірді.

Өнер майталманы Серікбай Нұрғисаевты 70 жас мерейтойымен құттықтап, көпжылдық достық пен бауырластық қарым-қатынастары жайында тебірене жазған.

«Біздің бір-бірімізге деген сый-құрметіміз жан дүниемізде. Бір-бірімізді үнсіз ұға білетін ұрпақпыз. Басымa қабат-қабат бұлт төнгенде, от ішінде күйгенімде тырс етіп үндемесем де мені қас-қабағымнан түсінген азаматтығыңа қарыздармын, қалқам», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ ол мерейтой иесінің адамгершілік қасиеттеріне ерекше тоқталып, ақжарма тілегін жеткізді.

«Ал мен сенің кішілігің мен кісілігіңнен айналдым, алтын бауырым. Сен мені көлеңкеңмен қорғап жүретін жанашырымсың, жарығым! Өмірдің ыстық-суығында жанымнан табылған жақсы адамым, жақын бауырым Секе-Гүлнұржан, көкелерім тойларың тойға ұлассын! Қос құлындарыңның қызық-қуанышы көп болсын», – деді Нұрғали Нүсіпжанов.

Желі қолданушылары әншінің шынайы жазбасына жылы пікірлерін қалдырып, мерейтой иесіне ізгі тілектерін жаудырды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Nurgali Nusipzhanov (@nurgali_nusipzhanov_official)

Сәйкес жаңалықтар

Айдын Рақымбаев пен әйелі байлығының жартысын таратып бермек

bairakkz

ЖЕТІСУДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕК

bairakkz

Бурабайда мектеп директоры асханадағы заң бұзушылықтардан кейін қызметінен босатылды

bairakkz