Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Зейнетақы жинағын ипотека мерзімін қысқартуға пайдалану ұсынылды

Фото: gov.kz

Қазақстанда азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ипотекалық қарыз мерзімін қысқарту үшін пайдалану мүмкіндігі берілмек.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын Ашық НҚА порталында жария талқылауға шығарды.

Құжат 2021 жылғы 21 қаңтардағы №24 бұйрыққа түзетулер енгізуді көздейді және «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 10-2-бабы негізінде әзірленген.

Министрлік мәліметінше, өзгерістердің басты мақсаты – қағидаларды жаңа Салық кодексінің нормаларына сәйкестендіру және азаматтардың банктер алдындағы борыштық жүктемесін азайту.

Енді зейнетақы жинақтарын негізгі қарызды өтеу, ай сайынғы төлемді азайту немесе ипотекалық қарыздың мерзімін қысқарту үшін пайдалану мүмкіндігі нақтыланады, – делінген құжатта.

Сонымен қатар, бұйрық қабылданған жағдайда біржолғы зейнетақы төлемдерін тиімді пайдалану тетіктері бекітіледі.

Құжат 2025 жылғы 21 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Сәйкес жаңалықтар

Мәжіліс депутаты «Самұрық-Қазына» қорын таратуды ұсынды

bairakkz

«Барыс» бюджет қаражатын тиімсіз жұмсаған – Антикор

bairakkz

Қазақстанда ең төменгі жалақы көтеріле ме?

bairakkz