Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Жетісу облысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат және сайлау басталды

 

Жетісу облысында тіркеу қорытындысы бойынша барлығы 538 депутаттыққа кандидат тіркелді. Қазіргі уақытта, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Жетісу облыстық бірмандаттық аумақтық №17 сайлау округінен – 13 кандидат сайлауға түседі. Онда: 1 – кандидат “Аманат” партиясынан, 12 – кандидат өзін-өзі ұсыну арқылы.

Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 5 саяси партияның партиялық тізімі бойынша 58 кандидат сайлауға түседі. Онда:

“Аманат” партиясы (34 кандидат),

“ҚХП” партиясы (6 кандидат),

“Ауыл” партиясы (8 кандидат),

“Республика” партиясы (2 кандидат),

“Ақжол” партиясы (8 кандидат)

Жетісу облысында бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша: облыстық мәслихатқа 16 округ бойынша 52 кандидат; қалалық мәслихаттарға 29 округ бойынша 85 кандидат; аудандық мәслихаттарға 107 округ бойынша 317 кандидат.

Сәйкес жаңалықтар

Өзге ұлт өкілдері де науқанға жаппай қатысуда

bairakkz

Спорт мекемелері жарысты

bairakkz

Выборы 2023

bairakkz

Пікір жазу