Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстан Аустриядан ойсырай жеңілді

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында үшінші ойынын сырт алаңда Аустриямен өткізді.

Станислав Черчесов тізгінді ұстағалы Қазақстан әлі жеңіске жеткен жоқ. Бұған дейін Словениядан ойсырай жеңілген жерлестеріміз осы жолы Аустрияға да қайсарлық көрсете алмады.

Линц қаласындағы «Райффайзен Арена» стадионында Игорь Щацкий өз қақпасынан төрт доп алып шығуға мәжбүр болды. Бірінші таймда Кристоф Баумгартнер мергендік танытса, екінші таймда тағы үш гол кірді.

Бұған дейін екі құрама өзара төрт мәрте кездескен. Қазақстандық футболшылар екі мәрте қарсыласына есе жіберсе, екеуінде құрамалар тең нәтиже тіркелген. Бесінші матч ірі есеппен Аустрияның пайдасына шешілді. Қорытынды есеп — 4:0.

Қазақстан өз тобында жалғыз ұпаймен соңғы орынға қалды.

Енді біздің ұлттық құрама 13 қазанда Алматыда Словенияны қабылдайды.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады

bairakkz

В Жетысу голосуют ветераны ВОВ

bairakkz

Арман Әшімов қарсыласын сұлатып салды(видео)

Ришат