Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Азия чемпионатының ширек финалында өзбекстандыққа есе жібергені белгілі. Боксшы рингке шығар алдында жарақат алғанын айтты, деп хабарлайды bairak.kz.
«Азия чемпионатында рингке шығардың алдында бес минут бұрын жарақат алдым. Шегінуге жол жоқ, шаршы алаңға ауырсынуды басатын мазь жағып, жарақатпен шықтым. Сол себепті өзім ойлағандай ойын өрнегін көрсете алмадым. Елге оралған соң МРТ-ға түсірсек, аяғымның екі жерінең сіңірі жыртылып кеткенін анықтадық. Сондықтан аяғыма операция жасаттым. Енді бір немесе бір жарым ай көлемінде қайтадан жаттығуды бастаймын», — деді Сәкен Бибосынов 1bol.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, ол ширек финалда 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионы Асылбек Джалиловпен кездескен.