Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев су тасқыны болуы мүмкін аймақтарды атады, деп хабарлайды bairak.kz.

Министр наурыз-сәуір айларында күн райы жылы болатынын атап өтті. Сонымен бірге еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын көп түсетінін айтады.

Су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің қатарында: Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Ұлытау және Абай облыстары бар. Қауіптілігі орташа өңірлер: Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары.

Тасқын қаупі төмен өңірлер: Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары.

Биыл Қазгидромет алғаш рет әр облыс бойынша егжей-тегжейлі анықтамалар дайындады. Бұл анықтамаларда гидрологиялық бекеттер бойынша су деңгейінің және ағысының күтілетін ең жоғары мәндері, ағын көлемі және сондай-ақ қауіп аймағында орналасқан елді мекендерді көрсете отырып, болжамды басталу күндері көрсетіледі. Сондай-ақ өткен аптадан бастап Қазгидромет апта сайынғы гидрологиялық болжамдарды шығара бастады. Гидрометеорологиялық жағдай күрт өзгеретін болса «Қазгидромет» ескертулерді 2-3 тәулік бұрын хабарлайды, — дейді Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.

Фото: Үкімет

Сәйкес жаңалықтар

Жетісу облысында үш бірдей әлеуметтік маңызды нысан іске қосылды

bairakkz

Ашхабад-2017: Жүлдегерлер кестесінде Қазақстан нешінші орында

Ришат

Трамп екі құдасын мемлекеттік қызметке тағайындамақ

bairakkz