Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

Берденовке шабуыл: Прокурор айыпталушыға 11 жыл 3 ай тағайындауды сұрады

ашық дереккөз

Мемлекеттік айыптаушы Берденовке жасалған шабуыл ісінде 11 жыл 3 ай түрме жазасын сұрады,  деп хабарлайды bairak.kz.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот отырысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушы Ернар Жиембайға 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотта алғашқы болып сөз алған мемлекеттік айыптаушы Бауржан Қараманов оқиғаның мән-жайын егжей-тегжейлі баяндады. Оның айтуынша, айыпталушының кінәсі көптеген дәлелдер мен куәгерлердің айғақтарымен расталған.

Прокурор жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларға тоқталды. Жеңілдететін жағдай ретінде Жиембайдың кәмелетке толмаған балалары бар екені айтылса, қылмысты мас күйінде жасағаны ауырлататын мән-жай ретінде бағаланды.

Ернар Жиембайға Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып отыр:

  1. 99-бап, 1-бөлік – «Адам өлтіру»;

  2. 24-бап, 3-бөлік – «Қылмысқа дайындалу және адамның еркінен тыс жағдайларға байланысты аяқталмаған қылмысқа оқталу».

Сәйкес жаңалықтар

Никол Пашинянның барабан соғып, билеген видеосы тарады

bairakkz

Жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы

bairakkz

Түркияда Ыстамбұл мэрі ұсталды

bairakkz