Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Қазақстанға кейбір көлік түрін әкелуге шектеу енгізіледі

Фото: Freepik

20 қазаннан бастап жеке тұлғалар шетелден бұрын пайдаланылған автобустар мен арнайы техниканы Қазақстанға әкеле алмайды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андақов мәлімдеді, деп хабарлайды bairak.kz.

Оның айтуынша, жаңа талаптар Еуразиялық экономикалық комиссияның 74-ші шешіміне енгізілген өзгерістер негізінде күшіне енеді. Жеңіл автокөліктер бұл шектеуге жатпайды.

Ал заңды тұлғалар бұрынғыдай көлік пен арнайы техниканы импорттай алады, бірақ ол үшін ЕАЭО қауіпсіздік сертификатын алуы қажет.

Андақовтың айтуынша, бұл өзгеріс қазақстандықтардың жеке көлік сатып алу мүмкіндігіне әсер етпейді, тек техникалық талаптарды нақтылау мақсатында енгізілген.

Сәйкес жаңалықтар

Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды

bairakkz

Мекке мен Мәдинаны топан су басты

bairakkz

Kinopark желісі отандық фильмдерден заңсыз жарна алғаны анықталды

bairakkz