Бішкекте блогер Акума Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың суретін жасанды интеллект көмегімен жасағаны үшін айыппұл алды.
Сурет әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, Бішкек қаласының полициясының назарын аударды. Полиция блогерді тауып, Октябрь аудандық сотына жеткізді. Сот оған 5 500 сом (шамамен 32 мың теңге) көлемінде айыппұл салды.
Қырғыз адвокаты Шердор Абдыкапаров сот жеңіл шешім шығарғанын атап өтті. Ол мұндай бейнелер әдетте мазақ ету нысаны ретінде қарастырылып, жауапкершілікке тартылатын баптарға жататынын айтты. Заңгер жасанды интеллект арқылы жасалатын арандатушылық әрекеттер үшін де жауапкершілік бар екенін еске салды.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи мемлекеттік құпияға қатысы бар бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалардың шетелге шығуын заң арқылы реттеу туралы бастама көтерді, бұл ұлттық қауіпсіздікті қорғауға бағытталған.
