Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Уахитов ісі: Шығыстағы атышулы істің соңы немен бітеді?

ШҚО әкімдігі

Биылғы желтоқсан айының басында әлеуметтік желілерде ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының экс-басшысы Данияр Уахитов 150 млн теңге парамен ұсталды деген ақпарат тарады. Іле-шала басқарма басшысы өз еркімен қызметтен кеткені туралы жедел жаңалық шықты.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі:

лауазымды шенеуніктің қызметтен босатылуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында қабылданған шешім, Уахитовтың іс-әрекетінде заңға қайшы тұстар бар, қазір іс материалдары құқық қорғау органдарының қарауында, деп хабарлады.

Өңірлік БАҚ-тың жазуынша, облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов:

Кез келген фактіні мұқият зерделеп, құзырлы органдарға жолдаймыз. Кеше болған жағдай – біздің жемқорлыққа қарсы ұстанымның дәлелі, – деген еді Уахитов ісін меңзеп.

Хош, заңнан аттаған екен жауап берсін. Президент айтқан “Таза Қазақстан” ең әуелі қоғамды жемқорлықтан тазарту болса керек-ті.

Бір қызығы, басы бәлеге қалған Уахитовты биыл жазда Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары болып жүрген жерінен аттай қалап алдыртқан Нұрымбет Сақтағанов еді ғой. Сол кезде ол: – Данияр Асқарұлының 17 жылдық еңбек өтілі бар, ол кейінгі 9 жылда мемлекеттік қызметте жұмыс істеді, – деп жаңадан тағайындалған басшының мақтауын асырған…

Сөйтсек, облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Данияр Уахитов кезінде Ұлан ауданында бірге қызмет атқарыпты. Сақтағанов – аудан әкімі, ал Уахитов осы ауданға қарасты Таврия ауылдық округінің әкімі болған. Ескі таныстар былайша айтқанда.

Енді ШҚО әкімінің әрекеті қалай болмақ? Заң тұрғысынан әрине, басқарма басшысы жемқорлықпен ұсталып жатса, оны тағайындаған, сенім артқан облыс әкімі қызметінен кетуге міндеттелмейді. Қазақстанда ондай заң жоқ. Ал саяси, моральдық-этикалық жағынан қарасақ, мұндай жағдайда өңірдің бірінші басшысы өз еркімен қызметтен кетуге өтініш жазуы керек. Өркениетті елдердің көбінде екінші шешімді таңдайды. Сақтағанов қалай таңдау жасайтынын уақыт көрсетер.

Тақырыпқа тұздық ретінде қоса кетсек, Hronika.kz порталы жолдаған ресми сауалға ҰҚК-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Данияр Уахитовқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатқанын мәлімдеген.

Сәйкес жаңалықтар

Бас прокуратура Нығматулинге қатысты қылмыстың істің мән-жайын айтты

bairakkz

2025 жылы дропперлердің шоттарындағы 800 млн теңге бұғатталды

bairakkz

Алғашқы рет дауыс беруші

bairakkz